Алматыда музей, археология және этнология саласының мамандарына арналған конференция ұйымдастырылады

Бейсенбі, 12 Сәуір 2018 01:01
Алматыда музей, археология және этнология саласының мамандарына арналған конференция ұйымдастырылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірігіп 2018 жылғы 13-14 сәуір күндері «III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өтеді. Мақалада жария етілгендей қазақ қоғамын жаңғыртудың бірінші шарты өз мәдениетімізді, өз ұлттық кодымызды сақтау. Қазіргі Қазақстан этнографиялық ғылымына үлкен жауапкершілік арта отырып, жаңғыртуды табыспен іске асырудың  алғы шарттары – тарихи тәжірибелеріміз бен үздік ұлттық дәстүрлерімізге сүйену.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Отандық этнология ғылымының тарихы;

2. Қазіргі Қазақстан этнология ғылымының өзекті мәселелері;

3. Этнология  және оған байланысты ғылымдар: тарих, археология, көркемөнер, фольклортану және т.б;

4. Музей және Қазақстандағы музей үрдісі;

5. Қазақстандық өлкетану: «Туған жер» бағдарламасы аясындағы жаңа импульс.

Көрме аясында:

  • Тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбаевтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорында сақталған жеке заттары мен құжаттарының көрмесі өткізіледі. 
  • Республикамыздың этнологтарының күштерін біріктіру мақсатында Құрылтай мәжілісі мен Республикалық этнологтар мен антропологтар ассоциациясының тұсаукесерін өткізу жоспарлануда.
  • «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 5 томдық энциклопедия / Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы: «Әлем Даму Интеграция» ЖШС, 2017» ғылыми басылымның тұсаукесері өтеді.
  • Осы конференция аясында этнография ғылымының соңғы 10 жылдықта жеткен жетістіктерін баяндайтын кітаптар көрмесі өтеді. Сонымен қатар жаңа шығарылымдардың тұсаукесері, плакаттар көрмесі, ғылыми әдебиеттерді тарату және айырбастау жөнінде киосктер жұмыс жасауы жоспарлануда.

Конференцияға этнологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, фольклористер, өнертанушылар,археологтар,ұқсас пәндер өкілдері, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен музей  қызметкерлері және т.б. шақырылады.

Конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің кинозалы (Алматы қ., Самал-1 ықш. ауд., 44 үй).

Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00-10.00.

Конференцияның басталу уақыты:13 сәуір сағ.10.00.

Байланыс телефондары: +7 (727) 264 02 88, 264 06 55, 377 33 19, 377 33 43 (ішкі 1285).

568 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper