Анонс


Музей мамандарын конференцияға қатысуға шақырамыз

Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 02:09
Музей мамандарын конференцияға қатысуға шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

Маңғыстау облысының әкімдігі 2018 жылдың 29-31 мамырында  дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Серікболтану оқулары аясында «Серікбол Қондыбай мұралары: әлемдік мифологияның дамуына жаңаша көзқарас»  тақырыбына халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Конференцияның мақсаты: Арғықазақ мифологиясын зерттеудің негізін салушы, соңына қыруар ғылыми еңбектер қалдырған, біртуар ғалым  Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және оның отандық ғылымдағы орынын айқындау.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

  1. С.Қондыбайдың лингвистикалық талдау әдіснамасы және әлемдік мифология мен тілдер қалыптасуының ортақ тамырлары
  2. Мифтің мәдени жад формасы ретіндегі өзектенуі (мифтік бейнелер, сюжеттер, реконструкциялар).
  3. С.Қондыбай мұраларындағы байырғы халық мәдениеті және Рухани жаңғыру

Конференция жұмысына ғалымдарды, өлкетанушыларды, докторанттар мен магистранттарды, ізденушілерді, мемлекеттік қызметкерлерді, оқытушыларды, архив пен музей қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі. Конференцияда пленарлық, секциялық мәжілістер ұйымдастырылады.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Конференцияның ғылыми мақалалар жинағы тегін шығарылады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт.  Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша  түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Ақтау қаласы, 130000, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы.

Факс: 8(7292) 427758. Е-mail: konbal55@mail.ru. Электрондық нұсқа міндетті.

2642 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper