Анонс


Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» атты халықаралық конференция өтеді Таңдаулы

Дүйсенбі, 27 Қараша 2017 14:07
Астанада «Ұлы дала: әскери мұра» атты халықаралық конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Әскери-тарихи музейі Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және Алаш Орданың 100 жылдығына орай 2017 жылғы 22 желтоқсанда өтетін «Ұлы дала: әскери мұра» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.                               

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

  1. Әскери археология және этнография
  2. Қазақ қоғамындағы батырлар орны
  3. Әскери қару-жарақ жүйесі және соғысу тәсілдері
  4. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер
  5. Алаш әскерінің тарихы
  6. Қазіргі замандағы Қарулы Күштердің рөлі

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференция жинағында мақала жариялау тегін.

Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитеті авторлардан баяндаманы әзірлеген кезде мына ережелерді басшылыққа алуды өтінеді: материалдардың көлемі 5 беттен аспауы тиіс, аралық өлшемі – 1, Times New Roman қарпімен А4 форматында 14-кегльмен  басылған, беттердің барлық жағынан өлшемі 2 см болуы керек. Жоғарғы жақтан үлкен әріптермен баяндаманың тақырыбы, бір аралықтан кейін автордың аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, ұйымның атауы, электрондық поштасы, үш аралық арқылы баяндаманың мәтіні азат жолдан теріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  сілтемені пайдалану ретіне қарай жазылады. Сілтеме тік жақшада беріліп, әдебиет нөмірі және беті көрсетіледі. Мысалы: [1, 2 б.].

Суреттер мен таблицалар бар жұмыстар тек JPEG, TIFF форматында ғана жеке файлмен қабылданады. Сурет өлшемі 2 Мп-ден кем болмауы тиіс.  

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

                                     

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ (БАС ӘРІПТЕРМЕН)

 

Аты-жөні, тегі (толық), ғылыми дәрежесі,

ұйымның атауы, эл.пошта

 

 

 

Мақала мәтіні

(мәтіндегі әдебиеттерге сілтеме тік жақша түрінде беріледі [1, 2 б.])

 

Әдебиеттер

Назар аударыңыз!

Конференция материалдары 2017 жылғы 4 желтоқсанға дейін қабылданады.

Мақалалар жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дайындалуы тиіс.

Кейінгі кезде шығармашылық ұрлықтың (плагиат) көптеп орын алуына байланысты мақала тапсыруда заң талаптарын («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-I Заңының 19-бабы; 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 199-бабы) сақтауларыңызды сұраймыз.

Мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Республика даңғылы 2.

Байланыс телефондары: 8(7172) 44 25 71; +77756624066 – Алмагүл Джангутдинова; +77475363684 - Жанеля Аркенова.

Мақалаларды мына  пошталық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: askeri-tarihi-muzey@mail.ru

 

 Фото: ҚазАқпарат

2969 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper