Анонс


Француз сәулетшісі Алматы тұрғындарының өзімен бірге армандағанын қалайды

Сейсенбі, 16 Мамыр 2017 04:34
Француз сәулетшісі Алматы тұрғындарының өзімен бірге армандағанын қалайды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Әсем әлем» өнер академиясы аясында париждік заманауи сәулетші, мүсінші әрі дизайнер Милен Гермонның «Бетоннан қалай арман құруға болады?» атты дәрісі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Милен француздың Vicat компаниясының шақыруымен Астанада ЭКСПО-да жұмыстарын қояды, ал Қазақстандағы Француз Елшілігі мен Алматыдағы Француз Альянсы контемпорари-артты сүйетін адамдарды құрметтеп, Ә. Қастеев атындағы музейде оның дәрісін ұйымдастырып отыр.

Милен Гермон 1981 жылы Нормандияда дүниеге келген, инженерлік дипломы және өнер саласында дипломы бар. Ол өзінің шығармашылығында жоғары технологияларды көркем қиялымен ұштастырады. Суретші бола тұра Милен қала кеңістігінің осы бір қызықсыз бөлігіне көрік, техникалық инновациялар мен адамзаттың жылуын беретін бетонның жаңа буынын жасады. Оның аса сезгіш бетоны жарық сәуле сызығы мен жаңбыр тамшысынан бастап ұзап бара жатқан бұлттың электр дызылына дейін табиғат құбылыстарының жұмсақ жаңғырығын өткізіп, әрбір магниттік өріске жауап қайтарады.

Миленнің мүсіндері Майамидегі Арт Базельде, Нью-Йорктегі Жаңа Арт-орталықта, Францияның Ұлттық мұрағатында, Картье қорында және т.б. жерлерде сақтаулы.

Астанадағы ЭКСПО-ға Милен «Мини аква» мүсінін қояды. Ә. Қастеев атындағы музейде ол өзінің шығармашылық концепциясы, мүсіндері және заманауи француз коентемпорари-арты туралы баяндайды.

ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі Қазақстандағы Француз Елшілігімен және Француз Альянсымен көптен бері серіктестік қатынаста екенін айта өткен жөн. 2012 жылы Францияның алдыңғы қатарлы 40 музейінің «Франция інжу-маржандары» сияқты көрнекті бірлескен жобасы, 2015 жылы заманауи фотограф Франк Фогельдің көрмесі, 2016 жылы Зикки Пенгтің Париждің замануи галереялары туралы дәрісі ұйымдастырылды. ҚР Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі Франциямен іскерлік және серіктестік қатынастағы қазақстандық компаниялар мен ұйымдарды біріктіретін  Amitie қауымдастығының мүшесі болып саналады.

Басталуы: 2017 жылғы 20 мамыр күні сағат 14.00-де. 

3196 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper