Анонс


«Сарайшық: ұлы қала тарихы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді

Жұма, 31 Наурыз 2017 03:27
«Сарайшық: ұлы қала тарихы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Атырау облысының әкімдігі «Сарайшық: ұлы қала тарихы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өткізеді. 40-тан аса отандық және шетел ғалымдары ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтап қалу бойынша шаралар мен ғылыми зерттеулердің қорытындысын талқылайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция қалашықты қалпына келтіру мен бұзылудан сақтау мәселелеріне жоғары білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аударға бағытталған.

Бүгінгі таңда табиғи-климаттық және антропогендік факторлардың әсерінен Сарайшық қалашығының жағдайы министрліктің, әкімдіктің, қоғам мен ғалымдардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Ғылыми конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламентінің депутаттары, тарих ғылымдарының докторлары, белгілі археологтар З.Самашев, К.Байпақов, Ж.Таймағамбетов, Б. Көмеков, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғ.Есім, А. Бақтыгереева, М. Құлкенов, Қ.Жылқышиев тәрізді қоғам және мәдениет қайраткерлері, жақын және алыс шетел ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің  өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері және БАҚ қатысады.

Сонымен қатар, конференция аясында Сарайшық қалашығы тарихына арналған көрме ұйымдастырылады. Көрмеге ежелгі қалаға қатысты көптеген құнды археологиялық бұйымдар, картиналар және т.б. заттар қойылады.

Конференция 2017 жылғы 3 сәуір, сағ. 10.00.-де басталады.

Шараға қатысушы БАҚ өкілдері алдын ала министрліктің баспасөз қызметіне тіркелуі қажет. 

3869 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper