Анонс


Алматыда салынатын жаңа музейдің эскизі таныстырылды (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 28 Қазан 2015 14:57
Алматыда салынатын жаңа музейдің эскизі таныстырылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыда халықаралық деңгейдегі музей құрылысының эскизі таныстырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы көлемі 2,17 гектар жерге орналасатын музей Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Ботаникалық бақтың аумағына салынады.

Айта өтейік, өткен сенбі күні Алматының Қала құрылысы кеңесі Бостандық ауданының аумағында халықаралық деңгейдегі музей салу жөніндегі әлеуметтік жобаны ұсынған болатын. «Museum of Modern Art» ҚҚ-ның осы жобаны жасаушылары туризмнің халықаралық орталығы болып табылатын қаланың беделін одан әрі көтеруді көздейді.

Қалалық кеңес мүшелері айтып өткендей, болашақта салынған музей Дендропарктің дамуына оң ықпал етіп, Ботаникалық баққа енудің кіреберісі болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күнге дейін Ботаникалық бақтан Әл-Фараби даңғылына шығатын жол жоқ. Жоба бастамашыларына қойылған басты талап - салынатын музей кешенінде заманауи өнер мектеп-студиясының болуы. Оның үстіне жалға берілетін жер сатылмайды және өзінің негізгі сипатын өзгертпейді.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматының білім-ғылым, мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі көтеру туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыруда болашақта салынатын бұл құрылыстың маңызы үлкен болатынын айтты.

Бұл жобаны жасауға әлемдегі ең үздік архитекторлардың бірі, түрлі техникалық элементтерді ұтымды прайдаланушы - Карлос Ферратер (OAB, Испаниядағы архитектура бюросын құрушы және басшысы) шақырылды. OAB-тың архитектуралық бюросының мұражайлар мен мәдени орталықтар жобасын жасауда жинақтаған тәжірибесі үлкен. Компания архитекторлары Гранададағы Ғылым мұражайының (Испания), Манльеудегі Тер (Испания), Лиондағы Слияние (Франция) музейлерінің, Кастельондағы мәдени орталықтың (Испания) жобаларын жасаған. 1996 жылы OAB бюросы музейлерді дамытуға үлес қосқаны үшін Музейлер қоғамдастығының V Bonaplata Prizes сыйлығын иеленген.

 

2514 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper