Анонс


Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Жексенбі, 18 Ақпан 2024 17:02
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы директорының міндетін атқарушы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйырығына сәйкес, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы директорының орынбасары – музей директорының міндетін атқарушы болып Ұлан Болатұлы Сағадиев тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ұлан Болатұлы 1989 жылғы 10 мамырда Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған;

2010 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолы (жалпы 13 жыл, мемлекеттік қызметте 11 жыл, оның ішінде басшылық қызметте 8 жыл):

2010-2012 жылдары Абай ауданы Қарауыл гимназиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі;

2012-2020 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;

2020-2022 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы;

2022 жылы Абай облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы;

2022-2024 жыл Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшының орынбасары, басшысы.

594 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper