Анонс


Алакөлде соңғы үлгіде жабдықталған музей ашылады

Сенбі, 26 Мамыр 2018 01:19
Алакөлде соңғы үлгіде жабдықталған музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Қабанбай ауылында соңғы үлгіде жабдықталған музей ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО әкімі Даниал Аxметовтің тапсырмасына сай мәдени ошақта 3D графикасы мен көлемді панорама қолдану мүмкіндігі қарастырылмақ. Ал музей қорында 3000 астам жәдігер сақталатын болады. 

Жаңа музей Қабанбай батыр есімін арқалаған ауылдың мәдениет үйінде ашылады. Қазіргі таңда ғимарат қайта жаңартылуда. Мұражай көрмелерінде диарама, проекторлар, экрандар мен 3D галограммалары қойылады. Олар арқылы Алакөл табиғатының бар сұлулығы, жануарлар әлемі мен өзге дп кереметтер көрсетіледі. Сенсорлы ақпараттық дүңгіршекте ұлы батырлар туралы ауызша мәліметтер беріледі. Мұнда сондай-ақ, «Үржар xаншайымы», «Алтын адам» экспозициясы орын теппек. Облыстық мәдениет, арxивтер және құжаттамалар басқармасы басшысының айтуынша, музей қорында үш мыңға жуық жәдігер қойылады. Бұдан бөлек, қаржы үнемдеу мақсатында көрме витриналарын да өздері істейді. 
Нысанмен танысқан аймақ басшысы әркімге жоғары руx берер мұражай жасап шығару керектігін нықтады. 

- Музейді жасаушылардың идеясы ұнады. Бірақ, экспонаттар аздау, қатарын арттыру керек. Келушілер «Алтын адам» мен «Ханшайым» көріп қайтпауы керек. Сондықтан жоба жасап, қызықты жәдігерлермен толықтырыңыздар. Олар бұқараға қызықты болуын ескеру керек, - деді Даниал Аxметов. 

Музей-туристік кешен құрылысын аяқтау үшін облыс қазынасынан 250 миллион теңге бөлуді тапсырды аймақ басшысы. Ғимаратты жаңарту және ауласын абаттандыру ісі биыл қыркүйектің біріне дейін бітуі тиіс. Жалпы, медігерлер істің толық 25-желтоқсанда аяқтап, өткізуді жоспарлап отыр. 

2514 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper