Анонс


Ұлттық музейдің экспонаттары әлемнің атақты музейіндегі көрмеге қойылады Таңдаулы

Сәрсенбі, 30 Тамыз 2017 16:54
Ұлттық музейдің экспонаттары әлемнің атақты музейіндегі көрмеге қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінің экспонаттары Британ музейінде өтетін көрмеге қойылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

2017 жылғы 14 қыркүйек пен 2018 жылғы 14 қаңтар аралығында Ұлыбританияның Британ музейінде «Скифтер: Сібірдің көне жауынгерлері» атты көрме өтеді.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Ресейдің мемлекеттік Эрмитаж музейі бірігіп қатысады. Көрмеге Ұлттық музей қорынан скиф-сақ дәуіріндегі Есік, Талды-2, Тақсай және Берел қорғандарынан табылған археологиялық құнды экспонаттар қойылады.

Көрме бай және әр түрлі  табиғи ландшафтта, дәлірек айтсақ, оңтүстік Сібірден Қара теңіздің солтүстік өңірлеріне дейін созылып жатқан ұлы көшпенді өркениеттің негізін қалаушылар – ежелгі скифтердің б.з.д. 900 – 400 жылдар аралығындағы тарихын қамтиды. Скифтер қоршаған ортаға бейімділігімен, табиғи жағдайларды тиімді пайдалануымен, және ең бастысы, далалық рухының күштілігі арқылы Ассур, Иран және Грекия секілді атақты дәуірлестерінің арасында әскери саладағы ең мықтысы саналды. Аталмыш көрме Лондонға «Скифтердің ең ежелгі ашылуларының бірі» ретінде алғаш рет апарылмақ. Көрменің негізгі бөлігі – археологиялық заттар, киім-кешек және зергерлік бұйымдар болса да, осы бір ежелгі артефактілер өздеріне фотографиялық және аудио-визуалды технологияны біріктіреді. Бір сөзбен айтсақ, ежелгі халықтың замануиланған жаңа көрмесі болмақ. 

18445 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper