Анонс


Орал қаласындағы Е.Пугачев музей-үйіне жаңа басшы тағайындалды

Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 14:36
Орал қаласындағы Е.Пугачев музей-үйіне жаңа басшы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облысындағы Е.Пугачев музей-үйінің меңгерушісінің зейнетке шығуын байланысты жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

«Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов облыстық тарихи - өлкетану музейінің филиалы Е.Пугачев музей-үйінің меңгерушісі Гүлбағира Ерсайынқызы Атаниязованы зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты қабылдап, музей саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Облыстық тарихи - өлкетану музейі директоры М.Ерсаевтың бұйрығымен Е.Пугачев музей-үйінің меңгерушісі болып Виктория Жайдарманқызы Нажмеденова тағайындалды.
Басқарма басшысы Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов Виктория Жайдарманқызын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі», - делінген хабарламада. 

4024 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper