Анонс


«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне жаңа директор тағайындалды

Сәрсенбі, 25 Қараша 2015 09:43
«Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне жаңа директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры қызметіне Жандос Әубәкір тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Жаңа қызметке тағайындалғаны жөнінде Жандос Әубәкір өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеген.

«2010 жылдың 1 ақпаныннан 2015 жылдың 23 қарашасына дейін Семейдегі Абай қорық-музейінде басшы болып қызмет атқардым. Бұл менің өмірімнің ең бір жарқын сəттері болды. Қасиетті қарашаңырақтың ұжымымен бірлесе көптеген ауқымды жұмыстар атқардық. Ғылымды да, насихат пен шаруашылық жұмыстарын да жандандыруға тырыстық. Халықаралық дәрежеде де табысты нәтижелерге қол жеткіздік. Ел ризашылығына да бөлендік. Абыройға да ие болдық. Абай шаңырағындағы əрбір қуанышты сәттер мен өмір өткелдерім менің жүрегімде мəңгі сақталары анық...
2015 жылдың 24 қарашадан бастап қасиетті Түркістандағы "Əзірет Сұлтан"мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайына басшылыққа келіп жатқан жайым бар. Мойынға алынған жүк ауыр. Бар күш-жігерімді бабалар рухына қызмет етуге арнайтыным да анық...», - деп жазған Ж.Әубәкір.

Kazmuseum.kz сайтының ұжымы Жандос Әубәкірдің жаңа қызметіне табыс тілейді. 

4073 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper