Анонс


Қ.Тоқаев Бейбітшілік пен келісім музейін ашу жұмыстарын бастауды тапсырды Таңдаулы

Жұма, 06 Қараша 2015 15:43
Қ.Тоқаев Бейбітшілік пен келісім музейін ашу жұмыстарын бастауды тапсырды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінің шешімдерін іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңесте Астанада Бейбітшілік және келісім музейін ашу туралы бастаманы іске асыруды тапсырды, деп хабаралайды kazmuseum.kz тілшісі.

Шараға сыртқы істер министрлігі, мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, Сенат аппаратының басшылары қатысты.

Кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани татулық пен келісімді дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін сыйлығын», Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрмет белгісін тағайындау, сондай-ақ Астанада Бейбітшілік және келісім музейін ашу бастамаларын іске асырудың тұжырымдамалық және ұйымдастыру мәселелерін қарады.

Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы мен діни лидерлерге тиісті ұсыныстарды мезгілінде енгізу үшін осы бағытта әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды. 

2343 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper