Анонс


«Анаға құрмет» музейінің ашылғанына 1 жыл толды

Бейсенбі, 29 Қазан 2015 11:00
«Анаға құрмет» музейінің ашылғанына 1 жыл толды KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы іргесінде орналасқан «Анаға құрмет» музейінің ашылғанына биыл 1 жыл толды. Осыған орай, музей кешенінде ақ жаулықты аналарымызға арналған әдеби-музыкалық концерт өтті, деп хабарлады Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасы. 

Биыл музей Қарасай ауданына қарасты мемлекеттік мекеме қатарына қосылды.

Қос қабатты ғимараттың жалпы аумағы 750 шаршы метрді алып жатыр. Музейді құру туралы бастаманы осы нысанның директоры Бақыт Шпекбаева көтерген болатын. Сол себепті де көптеген экспонаттарды ол өз қолымен жинақтаған.

Бүгінгі күні музейде 500-ден астам түрлі заттар, атап айтқанда, елімізге танымал әйелдерге қатысты түрлі материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйымдар бар. Осылардың көпшілігі - облыс тұрғындарының өз ниетімен музейге әкеліп тапсырған заттары.

Музей жанынан қойылған «Анаға тағзым» ескерткіші, әсіресе, жас отау иелерінің неке қияр сәтінде арнайы келер киелі орнына айналған.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, олар апа-әжелеріміздің өмір салты мен тарихы туралы айтып қана қоймай, отбасы құндылықтарына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал жасауды мақсат етіп отыр.

 

Фото: Скриншот "Таңшолпан". 

3721 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper