Анонс


Астана театры әлемнің атақты музейінен эстафетаны қабыл алды

Сенбі, 20 Желтоқсан 2014 09:39
Астана театры әлемнің атақты музейінен эстафетаны қабыл алды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстанның танымал Insta-блогерлері 20 желтоқсанда Empty жобасы аясында «Астана Опера» театрына тамашалайды, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

Бұл эстафетаны елордалық театр аталған акцияны ұйымдастыра білген The Metropolitan Museum of Art, Копенгагендегі мемлекеттік өнер музейі, Лондондағы «Royal Opera House» және Ресейдегі Үлкен театрдан қабыл алды.

Шараның мақсаты - Idea Hub қоғамдастығына біріккен 15 Instagram қолданушысы театрдың Басты, Мәрмәр және Камералық залдарынан қызықты фотолар түсіріп, #EmptyAstanaOpera хэштегімен жария ету.

Анықтама:

Empty қозғалысы Нью-Йоркте Дейв Кругман (Dave Krugman) есімді инстаграмердің бастамасымен дүниеге келген, ол бірнеше өзге пайдаланушыны Нью-Йорктегі Метрополитен музейінде жұмыс уақытынан тыс, онда ешкім болмаған кезде жабық түрде өткен кездесуге шақырады. Шараға қатысқандар кейін Instagram беттерінде атақты музейдің жаңа және ерекше қырынан түсірілген фотоларын #emptymet хэштегімен жария етеді.

#Еmptymet жобасының сәтті жүзеге асқаны соншалықты, қазір бұл қозғалыс бүкіл әлемге тарап, көптеген компаниялар Instagram фотоға түсірушілерді жұмыстан тыс уақытта қуана қарсы алады.

5794 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper