Анонс


Ресейлік суретшімен кездесу өтеді

Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2014 19:08
Ресейлік суретшімен кездесу өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағанды  облысының бейнелеу  өнері  музейінде  РФ  Еңбек  сіңірген  суретшісі  Никас  Сафроновтың  қатысуымен  баспасөз-конференциясы  өтеді. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасынан хабарлады. 

Бүгінгі таңда  Никас Сафронов Ресей  елінде және басқа да шет елдерінде үлкен сұранысқа  ие суретші болып табылады. Көрерменнің талғамына 80-нен астам әртүрлі бағыттағы жұмыстар: классикалық портрет, пейзаж, символизм стиліндегі композиция желісі, сонымен қатар автордың DreamVision стиліндегі суреттері ұсынылды. Көрменің атауы «Избранное» («Таңдаулы») деп көрсетілген. «Избранное» көрмесінің  географиялық аумағы өте кең: Ресей және Украинаның, Еуропа және Азияның көптеген қалаларында экспозициялық көрмелері өткен. Қарағанды қаласында өтетін көрменің басты мақсаты – көрерменді Никас Сафронов шығармашылығының әр кезеңдерімен таныстыру.

Айта өтейік, кездесу 2014 жылдың 13 желтоқсанында сағат 16.00-де  өтеді.

4553 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper