Анонс


Орта мектепте түркі тарихы оқытылатын болды

Бейсенбі, 11 Желтоқсан 2014 09:30
Орта мектепте түркі тарихы оқытылатын болды KAZMUSEUM.KZ -  

Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген Түркі Кеңесі мемлекеттерінің орта мектептеріне арналған тарих бойынша оқулық бағдарламасы мақұлданды. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркітілдес елдер басшылары 2012 жылы Бішкекте өткен Түркі Кеңесінің II саммитінде «Түркі тарихы» пәнін оқытуға қатысты ортақ шешімге келген болатын. Бұл ұйғарым 2013 жылы Габалада және биыл Бодрумда өткен Түркі Кеңесі саммиттерінде тағы да құпталды. 

Нәтижесінде орта мектептерге арналған тарих оқулығы бағдарламасы жуырда Баку қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі Кеңесі) қатысушы-мемлекеттер Білім министрлерінің Үшінші отырысында мақұлданды.

Естеріңізге сала кетейік, жиынға Әзірбайжан Республикасының Білім министрі Микаил Джаббаров, Қырғызстан Республикасының Білім және ғылым министрі Канат Садықов, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Нәби Авжы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Әлия Ғалымова бастаған аталған елдердің сала мамандары және Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Хасанов, Халқыралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі қатысқан болатын.

Алқалы жиында тараптар түркі халықтарының географиясы мен әдебиеті бойынша да оқулықтар даярлау туралы келісімге келді.

5358 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper