Анонс


Мәдениет және спорт министрі тағайындалды

Сейсенбі, 11 Қаңтар 2022 17:34
Мәдениет және спорт министрі тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып Дәурен Әскербекұлы Абаев тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәурен Әскербекұлы Абаев осы қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.

ӨМІРБАЯН

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдады.

2001 жылғы тамыз бен 2003 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылғы мамыр мен 2007 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылғы мамыр мен 2007 жылғы желтоқсан аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылғы желтоқсан мен 2008 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылғы желтоқсан мен 2009 жылғы қазан аралығында — Қазақстан Президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылғы қазан мен 2011 жыл аралығында — Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011-2016 жылдары – Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі қызметін атқарды.

2016 жылғы мамыр мен 2019 жылғы ақпан аралығында – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.

2019 жылғы ақпан мен 2020 жылғы мамыр аралығында – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020 жылғы 4 мамыр мен 2022 жылғы қаңтар аралығында - Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап – ҚР Мәдениет және спорт министрі.

«Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, сонымен қатар мерекелік медальдармен наградталған.

 

 

1340 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper