Анонс


Қазақстан суретшілерінің проблемалары Көркемдік кеңесте қаралды Таңдаулы

Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2019 17:03
Қазақстан суретшілерінің проблемалары Көркемдік кеңесте қаралды KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бейнелеу өнері, қолданбалы өнер, сәулет пен дизайн бойынша Көркемдік кеңесінің отырысы өтті.

Кеңесті Министрліктің мәдениет және өнер департаментінің директоры Күміс Қарсақбайқызы Сейітова өткізді. Күміс Қарсақбайқызы саланың жетекші мамандарын тыңдап, ондағы жетістіктер мен мәселелерді түсінуге тырысты.   

Өзінің сөйлеген сөзінде ҚР Суретшілер Одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов бейнелеу өнері саласындағы үлкен мәселелерді атап көрсетті –  тапсырыстардың түспеуі, көркемдік нарықтың стихиялық сипаты, ал қала ортасында талғамсыздықтың санын арттырған эстетикаға сай емес арт-нысандар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбеюде. Суретшілер тендерді ұтып ала алмайды, себебі осының барлығы бағаның төмендеуіне негізделеді. Ал, шынайы туынды арзан болмайды. Сондай-ақ, ол шығармашылық үдерісті реттеу, шығармашылық қызмет туралы заң қабылдау қажеттілігі туралы айтты. Суретшілер Одағының төрағасы, сонымен бірге, Жазушылар одағы жыл сайын 25 мемлекеттік стипендия алады, басқа 25-і басқа одақтарға беріледі, ал ең үлкен Суретшілер одағы ештеңе алмайды деп қынжылды. Бұдан бөлек, Суретшілер одағында мемлекеттік марапаттарға қатысты мәселе бар. Мәскеудегі Абай ескерткішінің авторы Марат Әйнеков министрлікке кандидатурасы үнемі ұсынылғанымен, цехтағы көптеген әріптестері сияқты мемлекеттік марапатты ала алмай қайтыс болып кетті.  

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  профессор Байтұрсын Омарбеков Тараздағы Жамбыл ескерткішінің бұзылуы жергілікті биліктің бейнелеу өнеріне деген ұятты әрі сорақы көзқарасы екенін атап өтті. Сонымен қатар ол риторикалық сұрақ қойды: "Бізге көркемдік білім керек пе?". Соңғы жылдары арнайы пәндердің қысқаруы байқалды - сурет салудың 3 сағаты, аптасына 3 сағат кескіндеме, бірақ суретшілер үшін сахна тілі пәні қосылуда ?! Ал суретші  күніне кемінде 2 сағат сурет салуы керек!

Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова ұзақ жылдар бойы қолөнершілер фестивалінің идеясын әкімдік арқылы насихаттап келіп, бірақ бір безендіру фирмасы бұл идеяны өткізуде тендердің жеңімпазы болды деп қынжылды, осы шараны ұйымдастыру үшін фирма  40% ұсынады, бірақ ол бас тартады. Мәселе, өнер саласындағы жобаларды жүзеге асыру тендерлерін  өнерден алыс ұйымдар жеңіп алады, ең бастысы біліксіздер көркемдік қауымдастықты көбірек алаңдатады. Осыған байланысты, Қазақстан үлкен имидждік шығындарға ұшырауда.

Өз салаларындағы мәселелер туралы ҚР құрметті сәулетшісі Алмас Ордабаев, сәулет докторы Айжан Ахмедова, өнертанушы  Ольга Батурина, суретші Алпысбай Қазғұлов және кеңестің басқа да қатысушылары сөз сөйледі.

Күміс Қарсақбайқызы бейнелеу өнері туралы жеке заң қабылдау мүмкін емес деп нақты жауап берді, бірақ мәдениет туралы заңды кеңейтуге болатынын айтты. Мүмкіндігінше, министрлік анықталған мәселелермен жұмыс істеуге тырысады, бірақ олардың барлығын қысқа мерзімде шешу мүмкін емес, өйткені оларды басқа да министрліктермен – білім, қаржы, Атамекен палатасымен және тағы басқаларымен келісу керектігін атап өтті.

 

Клара ИСАБАЕВА, Қастеев атындағы Өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі

2507 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper