Анонс


«Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасы салтанатты түрде Наурыз мерекесінде ашылады

Жұма, 03 Наурыз 2017 01:51
«Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасы салтанатты түрде Наурыз мерекесінде ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында наурыз айында өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаменты директорының орынбасары Күміс Сейітова, Бейбітшілік және келісім музейі директорының орынбасары Жазира Кульбаева, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір, Отырар қорық-музейінің директоры Айбек Жандосов, ҚР Мемлекеттік орталық музей директоры Нұрсан Әлімбай, ОҚО Мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Ерубаев, Орталық музей директорының орынбасары Б.Қақабаев, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері А.Крокошева, қалалық сазды-драма театрының директоры Е. Исатаев және музей қызметкерлері қатысты.

Атаулы шараның салтанатты түрде ашылуы наурыз айының 21-22 күніне белгіленіп отыр.  Мәдениет және өнер істері департаменты директорының орынбасары Күміс Қарсақбайқызына Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан шараға дайындық жұмыстары жайлы Ж.Ибрагимов мәлім етсе, обылыс тарапынан мәдениет басқармасының өкілі Ғ.Шарафиева дайындық жұмыстары жайлы баяндады. Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір алдағы қорық-музейде жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Келген қонақтар өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департамент директорының орынбасары Күміс Қарсақбайқызы  «Алдағы уақыта осы талқыланған мәселелер жүзеге асырылып, іс-шара өте жоғары ұйымдастырылған деңгейде өткізу қажет» екенін атап өтіп, жиынды қортындылады.  

3021 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper