Анонс


Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жол жөнінде СТВ арнасы деректі фильм көрсетеді

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2015 17:11
Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жол жөнінде СТВ арнасы деректі фильм көрсетеді KAZMUSEUM.KZ -  

СТВ арнасында Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» атты Қытайда және Қырғызстанда түсірілген ғылыми-танымдық саяхаты жайлы деректі фильмнің тұсаукесері болады. Деректі фильм 13 мамыр күні 20.30-да көрсетіледі. 

Деректі фильмде қазақстандық зерттеушілер барған жерлер, Қарашахар, Қорла, Кучар, Ақсу, Қашғар, Артуш, Янгисар, Яркенд, Қағалык, Хотан, Нарын және Таш-Рабат қалалары көрермен назарына ұсынылады. Ғалымдар телекөрермендерге қазақ ғалымының өте керемет әрі қауіпті саяхаты туралы айтып береді, Шоқанның қалалар мен тарихи жерлер туралы суреттемесін өз көздерімен көрген жерлерімен салыстырады. Сондай-ақ, біраз уақыт туристер үшін жабық аймақ болған тарихи, жұмбақ жерлер де көрсетіледі. 

Естеріңізге сала кететейік, экспедиция ұлы ғалымның 180 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Саяхат 2014 жылдың шілдесінде басталып, тамыз айында аяқталған еді. Экспедицияға Қазақстан ұлттық география қоғамына мүше ғалымдар, зерттеушілер және «Алаш Медиа Групп» медиахолдингінің журналистері қатысты. Экспедиция шеңберінде осыдан 155 жыл бұрын Шоқан Уәлихановтың табаны тиген Ұлы Жібек жолы да қамтылды. Саяхат барысында қазақстандықтар 6 мың шақырым жол жүрді, олар «Жұлдызды теңіздің» жағасында болды, «азиялық Римді» тамашалады, түрік ойшылдарының мазарларына да барды.

Бір айта кетерлігі, экспедицияның туристік жағынан да маңызы ерекше. Зерттеушілердің айтуынша, Орталық Азия өте қазақты жерлерге өте бай. Бұл өңірге Марко Поло, Николай Пржевальский, Петр Козлов және Юрий Рерих секілді атақты ғалымдардың өзі қызығушылық танытқан. Экспедиция кезінде жинақталған материалдар Орталық Азия менҚытайдың туризм саласындағы мүмкіндіктерін арттыратын «Орталық Азияның Алтын Шеңбері» жобасында қолданылмақ.


3688 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper