Анонс


«Ұлы даланың сақ өркениеті» көрмесі ашылды

Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 02:51
«Ұлы даланың сақ өркениеті» көрмесі ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи–өлкетану музейінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің «Ұлы даланың сақ өркениеті» атты жылжымалы көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеге Еңбекшіқазақ ауданындағы «Рахат» қалашығы мен қорымы, Рахат тұрағы «палеолит дәуірі», Өрнек, Шошанай қорымдарынан қазба жұмыстар нәтижесінде табылған темір дәуірі кезеңіне жататын әшекей бұйымдар, қару түрлері, тұрмыстық заттар, ғұрыптық ыдыстар, т.б. жалпы саны - 60-қа жуық жәдігер қойылды. Көрме ақпан айының аяғына дейін жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, көрме аясында музей экспозициясы Алматы облыстық тарихи-мәдени мұра орталығынан музей қорына қабылданған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық «Геоархеология» ғылыми-зерттеу зертханасының соңғы жылдары Алматы облысында жүргізген қазба жұмыстары барысында табылған сақ дәуіріне жататын құнды мұраларымен және ұлттық жәдігерлер ордасының біріне айналған, ағайынды Айтберген, Тұрсынжан және Махмұт Құлментегілердің қолынан шыққан қару-жарақ үлгілерімен толықты. 

2913 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper