Анонс


Ұлы ақын туралы естеліктердің қолжазбалары көпшілік назарына ұсынылды

Жұма, 16 Тамыз 2019 16:32
Ұлы ақын туралы естеліктердің қолжазбалары көпшілік назарына ұсынылды KAZMUSEUM.KZ -  

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінде Хакім Абайдың туған күніне орай "Қолжазбалар сыр шерткенде..." тақырыбымен көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты..

Көрменің ерекшелігі – көпшілік қауым тек зерттеулер, кітаптар, мерзімдік басылымдар арқылы таныса алатын құнды қолжазбалардың түпнұсқаларын тікелей тамашалау мүмкіндігі туды.
Бұл қолжазбалардың алғашқысы Абай туралы естелікте бірнеше мәрте жинақ болып жарық көргені белгілі. Осы жинақтардың мазмұнына арқау болған Абайдың туыстары мен замандастарының, оның ішінде Т.Абайұлының, Абайдың келіні Кәмалияның, Уәсила Мағауияқызының, Ә.Ысқақовтың, Т.Көбдіковтің және т.б. естелік қолжазбалары көрмеге қойылды. Ә.Ысқақов «Абайдың өмір жолы» атты төрт қалың дәптерден тұратын естелігі араб әрпімен жазылған құнды қолжазба.
Сонымен қатар көрмеден ақын-жазушылардың Абай рухына арнап жазған шығармалары орын алды. Бұл арнаулардың алғашқысы 1940 жылы ақын музейінің ашылуына орай "Семей облысындағы ақын, жазушылардың арнау өлеңдері топтастырылған жинақ. Латын әрпімен басылған бұл жинақ жалғыз данада музей қорында сақтаулы.
Арнау өлеңдер қатарында Қ.Аманжоловтың 1950 жылы Абай еліне келген сапарында жазған «Абай арманы», 1954 жылы Абайдың қайтыс болғанына 50 жыл толуына орай жазған «Абайға айтарым» өлеңдері, Т.Әміреновтың Абайдың 115 жылдығына арнаған "Асыл сөздің арнасы" өлеңі, Ш.Әбенов, Н.Баймұратов, Б.Сағындық және т.б. шығармаларының қолжазбасы көрермен назарына ұсынылды.

2145 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper