Көрменің мақсаты – жас буынға өткен ғасырдағы Кеңес заманындағы қолданыста болған бұйымдарды көрсете отырып сол кезеңдегі халықтың тұрмысын, елдің экономикасы мен тарихи оқиғаларды түсіндіру.
Көрмеге Кеңес дәуірінде халық арасына кең тараған тұрмыстық техникалар, музыкалық аспаптар, газет-журналдар мен кітаптар, консерві өнімдері, ыдыс-аяқтар, киімдер, балалар ойыншықтары – барлығы 226 жәдігер қойылды.
Көрменің ашылуына келген аға буын өкілдері сол кезеңдегі елдің тұрмыс-тіршілігі жайлы, халқымыздың басындағы Кеңес Одағымен бірге келген өзгерістерді әңгімелеп берді.
Музей директоры Мирболат Ерсаевтың айтуынша, музейге көрмені тамашалау үшін күніне 400-600 аралығында қонақ келеді. Бұл - салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіш.
Көрме бір ай бойына жалғасады.