Әлкей Марғұланның еңбектері көрмеге қойылады

Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 01:35
Әлкей Марғұланның еңбектері көрмеге қойылады KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық музейде академик Ә.Марғұланның 115 жылдық мерейтойына орай «Дара тұлға» атты көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеде фотосуреттер, академик Ә.Х. Марғұланның жеке заттары, құжаттар, марапат белгілері және ғалымның ғылыми-зертеу, ұйымдастырушылық қызметін, әрі Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлестерін айғақтайтын музей қорынан алынған материалдар ұсынылады. Сондай ақ, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ізденістері барысында жиналған неолит және қола заманының артефактілері көрсетіледі. Орталық Қазақстан экспедициясының соңғы жылдардағы зерттеулерімен Атасу, Ақмая, Мыржық қоныстарынан табылған заттар арқылы танысуға болады. Ерте темір ғасырының ескерткіштерінен тасмола мәдениетінің артефактілері бар. Ғалым орта ғасырлар тарихын зерттеудегі табыстарын Нұра өзені маңындағы қорымдардан, Отырар төбе қалаларындағы қазбалардан жиналған дүниелер, орта ғасырлардағы құрылыс-сәулет өнерінің ескерткіштері – түрлі ғимараттар макеттері аңғартады. Көрмедегі этнографиялық материалдар терең тамырлы мәдени мұраның айғағы. Көрме экспозициясын түрлі материалдар: қазба жұмыстарының панорамасы, жартас бетіндегі суреттер, археологиялық ескерткіштердің фотосуреттері, сондай-ақ Әлкей Марғұлан жайлы басқа ғалымдардың ой-толғаулары толықтырады.

Көрме 2019 жылғы 10 шілдеге дейін жалғасады.

Анықтама телефондары: 64-55-77, 64-23-90, 264-46-50

532 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper