Анонс


Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі «Диор музасының портреті» атты бір ғана туындының көрмесін өткізеді

Сейсенбі, 12 Маусым 2018 00:37
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі «Диор музасының портреті» атты бір ғана туындының көрмесін өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Париж қаласында тұратын Берлин Иришевтің жеке коллекциясынан 2018 жылғы 12 маусым күні, сағат 16.00-де «Диор музасының портреті» атты бір ғана туындының көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Портретті Leon Zeytline есімді суретші салған. Суретші 1908 жылы Мәскеу кескіндеме училищесін тәмамдап, 1909 жылы Францияға қоныс аударады. Суретші, әсіресе сол кезеңдегі сәнге ерекше мән береді. Суретшіге 2017 жылы Fournaise  музейінде өткен белгісіз коллекционердің Bons Baisers de Paris көрмесі үлкен танымалдылық алып келді. Осы көрмеден кейін, суретшінің туындыларының бағасы өсе бастайды.  

 1950-ші жылдарда суретші өзінің жұмыстарының бірінде Кристиан Диордың сүйікті музасын – аты аңызға айналған модель Алла Ильчунды бейнелейді. Біздің отандасымыздың Франциядағы оқиғасы біз ойлағандай сәтті басталған жоқ. Жас Алла Парижге көшкенде француз мейрамханасында ыдыс жуушы болып жүріп күнін көреді. Дарынды, кейіннен атақты кутюрье Кристиан Диормен кездесу мүмкіндігі кездейсоқ болады, Алланың құрбысы оны киім өлшеу бөлмесінде алмастыруын өтінгеннен басталған еді. Диор қызды есінде сақтап, оны «ізгі, аздап жұмбақ жан» ретінде сипаттайды. Кутюрьенің ательесі жас сұлуды жұмысқа шақырғанда енді ғана танымал бола бастаған еді. Ол Алланы өзінің басты, сәттілік әкелетін  музасы деп атайды. Алла әріптестері мен өзінен кейінгілерге «мысықкөз» үлгісі бейнесін жасай алды. Соның арқасында әлем бүгінгі күні көзді сызықпен бояудың атақты әрлеуін тани білді. Муза тек шығыстық шығу тегіне ғана емес, қыпша белінің арқасында атақты болды. Өзінің мансабы жолында оның қыпша белі 47-ден 49 см-ге дейін ғана өзгерді, осы арқылы қыпша белдің сәді екенін насихаттады.

Өзінің қабілетінің арқасында, Алла Ильчуннің  белгілі сәнпаз болуы тез болды. 50-шы жылдары шығу тегі қазақ сұлу француздық эстрада және кино жұлдыздарына көпшілік қауым арасына қандай киімдер киіп шығуды айтып отырды. Алланың кешкі көрсетілімде көрсеткен көйлектері ертесіне сән үлгісін шығарушылары мен кербездіктің үлгісі болған Марлен Дитрих, Эдит Пиаф сияқты белгілі ханымдарға жөнелтіліп отырды.   

20-жыл бойы кутюрьенің басты музасы болып қалу өзгелердей емес, Алланың қолынан келді. Диордың ізбасары Ив Сен Лоранда осындай пікірде болып, Алламен Диордың өлімінен кейін келесі 10 жылда ынтымақтастықты жалғастырды.

Бұл жай ғана шығарма емес, Парижде өз қабілеті мен дарынын табысты таныта білген отандасымыздың оқиғасы туралы бүтін бір дәуір. Аталмыш туындының отандасымыздың қолына тиіп, «Алла Ильчуннің» туған отанына  қайтарылуы қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болып табылады. 

 

2180 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper