НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Британ коллекционерлері «Қазақ рухы» атты көрмесіне шақырады Таңдаулы

Бейсенбі, 06 Шілде 2017 02:41
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Британ коллекционерлері «Қазақ рухы» атты көрмесіне шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ә. Қастеев атындағы Өнер музейінде 2017 жылғы 8 шілде күні сағ. 11.00-де британдық коллекционер, профессор Гэйвин Кретчмар мен Альпер Акдениздің жеке коллекцияларына арналған көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіз Қазақстанның өнері Тәуелсіздік алған сәттен бастап Ричард Спунер, Қазақстандағы түрлі елдердің елшілері, шетелдік бизнесмендер мен дипломаттар сияқты шетелдік коллекционерлердің назарын аударып келеді.

Доктор Кретчмар Қазақстанға осыдан он жыл бұрын PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясының шақыруымен бизнес-қоғамдастықты дамыту жөнінде жұмыс істеуге және университетте бизнес пәнінен сабақ беруге келді.

Қазақстанның көз тартар сұлулығы мен мәдениеті  профессорға зор әсер етті. Елдің ежелгі мәдениетімен тереңірек танысып, бизнестегі серіктесі Альпер Акдениз екеуі бірігіп, бірегей дала мәдениеті халықаралық деңгейде кеңінен таныстырылуы керек деген тоқтамға келді.  Олар Ұлы Дала тарихын, Қазақ хандығы мен қазақтың көрнекті бабаларының тарихын әлемге көрікті көркем тілмен паш ететін 12 бөлімнен тұратын топтама жасауды ұйғарды. Мұндай міндетті тұңғыш ұлттық толық метражды «Ер Төстік» мультипликациялық жобасын жасаушылардың бірі, Қазақстандағы сол кезде танымал болып үлгерген суретші Тимур Дайырбаевқа сеніп тапсырды. Тимур – бұдан басқа да ЭКСПО жайлы «Ғажайыптар көрмесі» мультипликациялық жобасының қоюшы-суретшісі.

Гэйвин Кретчмар мен Альпер Акдениздің қазақ коллекциясы «Қазақ рухы» атты 12 көлемді кескіндеме мен Каспий жайлы «Колористер» топтамасының үш жұмысын қамтыған. Суреттен суретке өткен сайын көз алдымызға ежелгі қазақ бастауын, қазақ хандығының мәдени және тарихи оқиғаларын, ұлттық ойындарын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін алып келеді. 12 саны қазақтың дәстүрлі «Мүшел жас» күнтізбесіне негізделген. Тарихи оқиғалар немесе аңыздар көркем және жиірек аллегория түрінде бейнеленген.

 

Клара ИСАБАЕВА ,

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі

 

429 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper