Анонс


АФИША: Александр Ророкиннің 70 жыл толуына орай мерейтойлық көрмесі өтеді

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 06:23
АФИША: Александр Ророкиннің 70 жыл толуына орай мерейтойлық көрмесі өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде кескіндемеші және графика шебері Александр Ророкиннің 70 жыл толуына орай мерейтойлық жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Экспозицияда 1980 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтитын 80-нен астам шығармалар қойылады.

Александр Ророкин 1947 жылы дүниеге келген. Абай атындағы ҚазПИ  көркем-графикалық факультетінің түлегі. Ш. Айманов атындағы  "Қазақфильм" киностудиясында 20-дан астам көркем фильмдердің қоюшы-суретшісі болып жұмыс істеген. 1984 жылдан бері ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. 1992 жылғы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Александр Ророкин – жан-жақты, кескіндемелік және графикалық туындыларымен, сондай-ақ кинодағы жұмыстарымен белгілі, мастер. Ол өнердің әр түрінен өзіне тән танымдық стиль іздейді, оның негізінде әлемнің ерекше цветопластикалық құрылымы жатыр. Орыс авангардының дәстүріне деген адалдығы, ұстаздарына деген қабілеттілігі, жалпы шығармашылықсыз өмірдің мүмкін еместігін ұғыну - кәсіби кезеңдерінің қалыптасуының негізгі іздеу шеңберін анықтады.

Оның көркем полотналары –  күрделі кұрамды құрылымы жағынан эстетика мен үйлесімділікті іздеуге бағытталған. Графикалық парақшаларында – көп деңгейлі конструкцияларындағы барлық суреттер - кейіпкерлер мен архитектура, заттар мен кеңістік - үздіксіз қозғалыста орналасқан.

Бөлшектердің көптігі, олардың әрқайсысындағы – "бірлік-әрекеттерінен" – суретші танитын қажеттіліктен туындайтын  алуан түрлі шындық қалыптасады.

Көрме 2017 жылғы 7 ақпанда сағ. 16.00-де  ашылып,2017 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасады.

Көрменің кураторы – Екатерина Резникова, өнертану кандидаты. 

2212 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper