Анонс


Кескіндемеші Марат Тоқсейітов «Туған жер» атты мерейтойлық жеке көрмесіне шақырады

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 06:08
Кескіндемеші Марат Тоқсейітов «Туған жер» атты мерейтойлық жеке көрмесіне шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясының академигі, кескіндемеші Марат Тоқсейітовтің «Туған жер» мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Марат Төлегенұлы негізінен портрет және пейзаж жанрларында жұмыс жасайды. Шебердің туындыларынан туған өлкеге деген сүйіспеншілік, ауыл өмірінің күнделікті тыныс-тіршілігінің әсемдігі бірден көзге түседі. Автор туып-өскен үйінің жылуын ешқашан естен шығармайтын әрбір жанға етене таныс көріністерді дәлме-дәл жеткізеді.

Суретші бейнелерді, көңіл-күйді, уақытты айқын жеткізеді. Оған шебердің 40-қа жуық туындысы ұсынылатын «Туған жер» көрмесінде көз жеткізуге болады.

«Туған жер» көрмесі 2017 жылдғы  3 ақпан, сағат 17.00-де ашылып, 2017 жылдың 10 ақпанына дейін жалғасады.

Кіру тегін.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11. 

2511 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper