Анонс


Президент музейінде Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің көрмесі ашылады Таңдаулы

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2016 17:42
Президент музейінде Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің көрмесі ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстандағы Беларусь Елшілігінің қолдауымен Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында 2016 жылдың 9 қыркүйек күні сағат 17.00-де  Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің қорынан ұйымдастырылған  «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке»  атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі арасында 2015 жылдың қазан айында бекітілген ынтымақтастық туралы меморандум шеңберіндегі бірлескен жұмысының алғашқы тәжірибесі болып табылады. Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің бастамашылық етуімен Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына орай, республикалар арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

Айта өтейік, Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің негізі 1919 жылы қаланды. Музей қорында - ежелгі археологиялық ескерткіштерден бастап, мемлекет тарихының  қазіргі кезеңіне дейінгі 400 мыңдай сақтам бірлігін қамтитын Беларусьтегі ең ірі коллекция жинақталған. Музей қорында сақталған таңдаулы жазба және бейнелеу өнері ескерткіштерінің бірегей жинақтары Беларусь Республикасының бай тарихи-мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. Осындай ғажайып коллекциялардың бірі, музей жинағының мақтанышы – фотосуретші Лев Урбанович Дашкевич жұмыстарының сериясы.

 

3514 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper