Анонс


Президент тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңға қол қойды

Сенбі, 28 Желтоқсан 2019 18:45
Президент тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңға қол қойды KAZMUSEUM.KZ -  

Президент тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның толық нұсқасы баспасөзде жарияланады.

1685 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper