Анонс


Атырауда музей қызметкерлеріне арналған аймақтық семинар өтті

Сейсенбі, 01 Наурыз 2016 14:55
Атырауда музей қызметкерлеріне арналған аймақтық семинар өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде музейлердің қызметін жандандыру және жанашаландыру, музей жұмысына инновациялық әдістер енгізу мақсатында «Музей жұмысын ұйымдастыруда жаңа жобаларды қолдану тәсілдері» тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Семинар-тренингті Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ә.Жоламанов құттықтау сөзбен ашып, музей басшысы Р.Харипова кіріспе сөз сөйледі.

Семинар – тренинг барысында  арнайы шақырылған лекторлар Мәскеу орталық даму музейінің жетекші сарапшысы А.Артамонов, «Қоғамдық  даму зертханасы» ҚБ «ДЕШТ-и-Арт» замануи мәдениет орталығының директоры Л.Плетникова және Тарих ғылымдарының кандидаты, «Есік Мемлекеттік тарих-мәдени қорық музейінің» ғылыми хатшысы  Ғ.Файзуллина қатысушыларды алдыңғы қатарлы дайындалған жобалармен  және жоба  дайындаудың негіздерімен таныстырып,  слайд көрсету арқылы  лекциялар жүргізді.

Аймақтық семинарға Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан және Атырау облысы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасына қарасты облыстық және аудандық музей қызметкерлері қатысты.

         Семинар тренинг мақсаты әлеуметті коммуникациялар негізінде тың идеялардың туындауы; жәдігер «құндылығына» байланысты көрерменге насихаттау үшін атқарылатын жобаларды дайындау, оны іске асыру жолдарын дамыту және семинар-тренингке қатынасушылардың идеяларына байланысты жобаларды дайындау болып табылды.

Үш күндік семинар-тренинг барысындағы лекциялар қорытындыланып, «Ғасырлар ширегіндегі Орал», «Сүйікті қалам», «Музейге отбасымен бірге», «Ұлттық мұра айшығы», «Итальяндық картадағы Ақтөбе-Лаэти»,  «Серікбол  Қондыбаев атындағы мифологиялық  музей» тақырыбындағы жобалар  қорғалды.

Аймақтық семинар-тренинг жұмысына қатынасушы 30 маманға  Атырау облысы әкімдігі және «Қоғамдық даму зертханасы» ҚБ, «ДЕШТ-и-Арт» заманауи мәдениет орталығының   сертификаты  тапсырылды.

6894 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper