Анонс


«Есік» қорық-музейі конференцияға қатысуға шақырады

Бейсенбі, 01 Қазан 2020 16:09
«Есік» қорық-музейі конференцияға қатысуға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі (Қазақстан, Есік қ.) 2020 жылдың 20 қарашасында Алтын адамның ашылуына – 50 жыл, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына – 10 жыл, археолог Б. Нұрмұханбетовтың туғанына – 85 жыл толуына орай «Есік оқулары»  аясында «Алтын адам және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділер археологиясының мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция нәтижесінде мақалалар жинағын шығару көзделіп отыр.

Конференцияға қатысу тегін.

Негізгі тақырыптар (секциялар):

1. Ерте темір дәуіріндегі Ұлы даланың мұрасын зерттеу саласындағы кешенді зерттеу нәтижелері.

2. Орталық Азия мен Қазақстан археология ғылымының даму тарихындағы зерттеуші тұлғасы.

3. Ежелгі және орта ғасырлық тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін археологиялық және этноархеологиялық зерттеу.

4. Ұлы даланың материалдық тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, пайдалану, зерттеу және насихаттау мәселелері.

Қатысу формасы:

1. Онлайн-конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу;

2. Онлайн-конференцияға баяндамашы ретінде қатысу (видеоконференция режимінде);

3. Конференция материалдары жинағындағы мақала авторы ретінде қатысу.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу талабы:

Конференцияға қатысу үшін өтінішті толтырып оны esikoqulary@gmail.com электронды мекен-жайына жіберу керек. Қазақ және орыс тілдеріндегі баяндамалар мен мақалаларды 2020 жылдың 1 қарашасына дейін өтінішпен бірге жіберу қажет. Ағылшын тіліндегі баяндамалар мен мақалалар 20 қазанға дейін жіберілгені дұрыс.  

2020 жылдың 10 қарашасына дейін  өтініш беруші өз өтінішінің жағдайы туралы хабарландыру алады. Баяндама конференцияға қатысуға жарамды деп табылған жағдайда қатысушыға конференцияны өткізу реті мен бағдарламасы, конференцияға қосылу сілтемесі жіберіледі.

Қосымша ақпаратты конференция ұйымдастырушыларынан алуға болады: Сахинур Даутова +7 7071103465, Досым Зікірия +7 707 7537878

Мақаланы рәсімдеуге арналған талаптар

Жарияланатын материалдар электронды түрде қабылданады. Көлемі –  анықтамалық аппаратты қосқанда 10 беттен аспауы тиіс; баспа және электронды нұсқалар – MS Word мәтіндік редакторда,  RTF, DOC түрінде, қәріп түрі – Times New Roman, 14-кегль, жоларалық өлшем – 1, 15 пт.

Жоғарыдан – 2 см, оң жақтан – 1,5 см, сол жақ пен төменгі жақтан – 2,5 см, қалуға тиіс. Төменгі колонтитулдан - 1,8 см. Азат жол 1 см болуға тиіс (азат жол түрінде орындалатындықтан аралық қолданбауларыңызды сұраймыз).

 1-ші жолда – автордың аты-жөні жазылады. Оң жақтан басталып жартылай қарайтылған әріптермен белгіленеді.

 2-ші жолда – автордың тұрғылықты мекен-жайы жазылады. Оң жақтан басталып қарайтылмаған әріптермен белгіленеді. 

 3-ші жолда – автордың е-mail байланысы көрсетіледі. Оң жақтан басталып жартылай қарайтылған әріптермен Ыбелгіленеді.

 4-ші жолда – Баяндама тақырыбы бас әріптермен жазылады. Қарайтылған әріптермен бөліне отырып, ортада жазылады.

 

Материалдарды рәсімдеу үлгісі  

Е.А. Джасыбаев

Қазақстан Республикасы, Алматы обл.,  Есік қ.

ormik80@mail.ru

 

ХХХХХХХХХХХХХХ

ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ

Ххххххх хххххххх хххххххххх хххххххххххх. Хxxxxx ххххххх ххх хххх xxxxx. Хxxxххxx xххxxxххххх ххххх ххххххххх ххх xxxxxx xxxxxxxxx xxxxxxx xxx.

Әдебиеттерге сілтеме мәтінде аты-жөні, жарық көрген жылы, беттері көрсетіліп жартылай шеңбер түріндегі жақша түрінде беріледі. Мысалы: (Джасыбаев-Төлегенов, 1966,  15 б.). Әдебиеттер тізімі мәтін соңында әліпбилік ретпен рәсімделеді. 

Кесіндер мен суреттер jpeg немесе tiff үлгісінде, 300 dpi көлемінде, электронды түрде ұсынылуға тиіс. Суреттер мен фотоға берілетін жазбалар Word үлгісінде жеке файл арқылы рәсімделеді. 

Ұйымдастыру комитетінің баяндамаларды іріктеу мен редакциялауға қақысы бар. Талапқа сай рәсімделмеген материалдар қаралмайды.

 

«Есік оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысушының 

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Аты-жөні__________________________________________________________
Елі, қаласы_________________________________________________________
Жұмыс орны (ұйымның толық және қысқартылған атауы)_____________________________________________________________

Қызметі___________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы______________________________________
Баяндама тақырыбы_________________________________________________
Пошта мекен-жайы (индексімен)______________________________________
E-mail_____________________________________________________________
Халықаралық байланыс коды көрсетілген байланыс телефоны,

факсы______________________________________________________________

Қатысу түрі  - тыңдаушы, баяндамашы, мақала авторы (керектісін сызыңыз)

563 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper