Анонс


Мемлекет басшысы «Көне Тараз» музейінде болды Таңдаулы

Бейсенбі, 08 Қазан 2015 16:05
Мемлекет басшысы «Көне Тараз» музейінде болды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Президенті музей экспозицияларын аралап көрді, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, Жамбыл облысы тұрғындарымен, қонақтарымен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Археологиялық саябаққа барып, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты «І-ХІХ ғасырлардағы ежелгі Тараз» ескерткішінің аумағын «Көне Тараз» тарихи-мәдени археологиялық саябағына айналдыру болып саналады.

Сараптама нәтижесінің қорытындысы бойынша биыл қалашық аумағындағы нысандар құрылысының аумақтық шекаралары нақтыланып, қазба жұмыстары кезінде табылған тұрғынжайлардың орны анықталды. Табылған экспонаттар мен жәдігерліктер қатарында теңгелер, қыш бұйымдар, қыш құбырлар арқылы жүргізілген ежелгі сумен қамту жүйесі және орта ғасырдағы басқа да заттар бар. 

2759 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper