Анонс


Бүгін Ә.Қастеев музейі 80 жылдығын атап өтеді

Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2015 11:11
Бүгін Ә.Қастеев музейі 80 жылдығын атап өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 80 жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kzтілшісі.

Салтанатты шара кезінде мерейтойлық деректі фильм мен альбомның таныстырылымы және музей қызметін белсене дәріптеп жүрген журналистерді марапаттау салтанаты болады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі – Қазақстан мен Орта Азиядағы аса ірі көркем сурет музейі. Музейде Қазақстанның сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерімен, Ресей өнерімен, 16-19 ғасырлардағы Батыс Еуропа өнері және заманауи шетел өнерімен танысып, тамашалауға болады. Музей жинақтамасында кескіндеме, графика, мүсін және қолданбалы өнер бойынша 24 мыңнан астам экспонат бар. Музейдің басты міндеті – әлемдік өнер туындыларын жинақтау, сақтау және оларды өнер сүйер қауымның кең аудиториясына көрсету.

Сұлулыққа жаны құмарларды барлық коллекциямен таныстыру үшін музей қорынан ұдайы уақытша көрмелер ұйымдастырылып тұрады.

Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында олар Дюрер, Рембранд, Лукас Кранахпен өткен ғасырлардағы өзге де еуропалық суретшілердің гравюраларын көріп, қызықтай алды.

Тамыз-қыркүйек айларында музей коллекциясынан жасақталған «Ежелгі Шығыс аңыздары мен мифтері» көрмесінде Қытай, Жапония, Үндістан сурет өнері шеберлерінің тамаша туындылары көрсетілді. Қазақстан кескіндемесі мен графикасының хас шеберлері Гүлфайрус Ысмайылова, Евгений Сидоркин, Молдахмет Кенбаев, Борис Пак, Нағымбек Нұрмұхаммедов, Зайнитдин Юсуповтың ретроспективті көрмелері көрермендерді олардың тұрақты экспозицияға қойылмай, музей қорында сақталып тұрған туындыларымен танысуына мүмкіндік берді.

Музейдің уақытша көрмелерінде Қазақстан мен басқа елдердің қазіргі заман суретшілері мен фотосуретшілерінің де жұмыстары қойылады. Қазақстандық белгілі бизнесмен Нұрлан Смағұловтың «Жеке коллекцияның жауһарлары» көрмесі Қазақстан бейнелеу өнерінің жеке жинақтамасын ұсынды.

25-26 қыркүйекте Эрмитаж, Сотбис, Орыс музейі, Санкт-Петербург көркем сурет академиясы, Мәскеу заманауи өнер музейі, Өзбекстан Ұлттық көркемсурет және дизайн институты сияқты әлемдегі басқа да жетекші музейлер мен көркем сурет институттарының өкілдері қатысатын «21 ғасыр музейі. Даму стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция аясында 25 қыркүйекте зергер әрі дизайнер Зохра Доксидің (Париж) көрмесі ашылады.  

 

2647 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper