Анонс


Ақсу кентінде жаңа музей ашылды

Дүйсенбі, 13 Шілде 2015 13:40
Ақсу кентінде жаңа музей ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Павлодар облысы,  Ақсу кентінің №1 орта мектебінде  тарихи-өлкетану музейінің тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Музейдің ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі  Әнуар Күмпекеев өз лебізін білдірі, музейге қала әкімшілігі тарапынан мультимедиалық жабдықтар сыйлады.

    Музей 4 экспозициялық залдан тұрады. Оның алғашқы бөлімінде 1929-1941 жылдар  аралығындағы Ақсу кентінің тарихи белестері көрсетілген. Одан кейін «Отан үшін от кешкен» жерлестеріне бағышталған бөлімде Ұлы Отан соғысында қаза болған ауылдастардың тізімі жазылған мемориалдық тақта орнатылған. Сонымен қатар, мыңнан астам көрме қойылымдары, 380 суреттер,150-ден астам құжаттар және 250 түпнұсқалар жиналған. 

 
2539 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper