Анонс


Қырымбек Көшербаев музейдегі жаңа жобаның тұсауын кеседі

Бейсенбі, 02 Шілде 2015 18:20
Қырымбек Көшербаев музейдегі жаңа жобаның тұсауын кеседі KAZMUSEUM.KZ -  

Ертең «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жаңадан бой түзеген Қызылорда облысы макеттерінің тұсаукесері өтеді.

Шара барысында Қызылорда облысының мерекелік концерті қойылады.

Биыл, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде жаңа макеттер бой түзеген болатын. Жаңа макеттердің біздің кешенде орын алуына үлес қосқан Қызылорда облыстығы. Қызылорда облысынан әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен 14 макет кешеннің көркіне үлес қосты.

Айта кетейік, Қызылорда облысы Қазақстандағы ең белді облыстың бірі. Себебі, мұнда көптеген мәдени мұраларымыз орналасқан. Соның бірі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, сонымен бірге, көптеген киелі мешіттер мен мавзолейлер орын алған. Енді осынау ғажап ескерткіштермен айрықша әсем көріністерді біздің кешеннен де тамашалай аласыздар.

 

 
2226 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper