Анонс


Шығыс Қазақстан облысында жат планеталық кеме үлгісіндегі музей ашылады

Жұма, 19 Маусым 2015 14:59
Шығыс Қазақстан облысында жат планеталық кеме үлгісіндегі музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Өскемен қаласына жақын жерде орналасқан көне обсерватория музейінің пішіні жатпланеталық кеме үлгісінде болмақ, - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі.

Бірнеше жыл бұрын Өскемен қаласына жақын жерде орналасқан көне обсерваторияның аумағы Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығының қарауына берілді. Бүгінгі таңда мамандар археологиялық кешенді заманауи көрме залымен толықтыру жоспарын көздеп отыр.

Сәулетшілер музей басшылығы мен облыс әкімдігіне кешенді өзгертудің үш нұсқасын ұсынған. Таяуда тапсырыс берушілер болашақ залдың пішінін келісті. Ол жат планеталық кеме сияқты болады. «Ландшафт» жобасын Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының мамандары жасады.

Қорық-музей қызметкерлері сондай-ақ бұл ежелгі ғибадатхана туралы тұрақты көрме ұйымдастыруды көздеп жатыр. Қорық аумағының көлемдігі соншалық, бір күнде аумақтағы барлық ескерткіштерді қарап шығуға қиынға соқтырады. Сондықтан музей қызметкерлері келушілердің ыңғайы үшін виртуалды саяхат ұйымдастыруды да жоспарлауда.

 

 
2200 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper