Анонс


Елбасы жаңа музей салуды ұсынды

Сәрсенбі, 17 Маусым 2015 19:40
Елбасы жаңа музей салуды ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің екінші жалпы отырысына қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев діндер мен мәдениеттер диалогының тарихын зерттейтін Съездің ғылыми мекемесі ретінде Бейбітшілік пен келісім музейін салуды ұсынды.

«Бұл Съездің тарихы өте бай. Біз тікелей диалог жасаудың мол тәжірибесін жинақтадық. Өзара түсіністік дәстүрлерін қалыптастырдық. Діндер мен өркениеттердің байланысын нығайттық. Сондықтан, мен Астанадағы осы ғимаратта Бейбітшілік пен келісім музейін құруды ұсынамын. Менің идеямның мәні осы Бейбітшілік және келісім сарайының ішінде барлық бітімгердің Құдайға сыйынатын, зиярет ететін орындары болса деген ойда жатыр. Бір қақпадан кіріп Құдайға тәубе етіп, бір қақпадан шығып бір-біріңізге сеніммен қарасаңыздар деп ойладым. Менің ойымша, бұл діндер мен халықтардың бейбітшілігі мен түсіністігін нығайту үшін маңызды болмақ. Сондай-ақ, бұл мұражай Съезд жанындағы ғылыми мекеме болып, діндер мен мәдениеттер диалогының тарихын зерттейтін болады», - деді Елбасы.


Майгүл СҰЛТАН 

 
2263 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper