Анонс


СҚО-да жаңа музей ашылады

Жұма, 29 Мамыр 2015 12:41
СҚО-да жаңа музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Петропавлда өткен Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің отырысы кезінде «Ботай» архелогиялық музейі ашылатындығы айтылды.

Отырыста баяндама жасаған облыстық мәдени, мұрағаттар, құжаттамаларды басқару қызметінің  басшысы Рустам Бикенов:

-       Айыртау ауданында ашық аспан астында  «Ботай»  археология мұражайын ашуға дайындық жұмыстары басталды», - деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол СҚО мен Омбы облыстары мәдени  мекемелерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын атап өтті. Оның аясында солтүстікқазақстандықтар Омбыға, Омбы облысына гастрольге шығады, тарихи-өлкетану музейлерінің көрмелері мен бірқатар басқа да шаралар ұйымдастырылмақ. 

2121 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper