Анонс


Қазақстандағы үздік 10 музей белгілі болды

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2015 14:16
Қазақстандағы үздік 10 музей белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Белгілі музейтанушы ғалым, ҚР Мәдениет қайраткері Бақытхан Оразымбетова бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде Қазақстандағы үздік 10 музейді атады.

«Еліміздегі музейлердің арасынан үздік ондыққа кіретін музейлердің қызметі өзге музейлерге үлгі бола алады. Атап айтсақ, үздік ондықты ҚР Ұлттық музейі бастап, бұл тізімді Алматы қаласындағы ҚР Орталық музейі, Геология музейі жалғастыра алады. Төртінші орынды «Таңбалы тас» қорық-музейі иеленетін болса, бесінші орынға Есік қорық-музейі, алтыншы орынға Астанадағы С.Сейфуллин музейін жатқызуға болады. Саяси репрессия жылдарындағы ащы шындықты көрсететін АЛЖИР музейі жетінші, қоғам қайраткері Д.Қонаевтың мемориалдық музейін сегізінші орынды иеленеді. Ұлттың ұясы – Ұлытаудағы қорық-музей тоғызыншы орыннан, ал Семейдегі Абай музейі оныншы орыннан көрінеді», - деді Б.Оразымбетова.

Музейтанушы ғалымның айтуынша, осындай үздік музейлердің қызметін өзге музейлерге үлгі етіп, тәжірибелерін таратуды қолға алу керек. 

10888 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper