Анонс


Алматы облысында жаңа музей ашылды

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2015 10:02
Алматы облысында жаңа музей ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Алматы облыстық ІІД-де тарихи музей ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Амандық Баталов, сонымен қатар ҰОС және ішкі істер ардагерлері қатысты.

Жаңа музейде полицейлер жинақтаған сирек кездесетін құнды құжаттар мен заттар қойылған. Музей қорында 1 мыңнан астам экспонат бар. Музей экспозияциясы Жетісу жерінде милицияның әр жылдардағы қалыптасу кезеңдеріне арналды. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кезеңінің орны ерекше.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облыстық ІІД музейі 2007 жылы ашылған болатын. Бүгін жаңғыртылған музейдің екінші тынысы ашылды. Музейдің жалпы алаңы кеңейтілді, күрделі жөндеу жүргізіліп, қоры жаңа экспонаттармен толықтырылды.

 

 

 

 

Ақпарат: bnews.kz

 

2403 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper