Анонс


ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» мюзиклі қойылды

Дүйсенбі, 04 Мамыр 2015 23:39
ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» мюзиклі қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі өтті.Шара «Жас ұлан» республикалық мектебі оқушыларының ардагерлерге құрмет көрсетуімен басталып, әрі қарай Астана қаласы № 17 мектеп-гимназиясының оқушыларының «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» мюзикліне ұласты, деп жазады baq.kz тілшісі.

Қазақстандық солдаттар – Кеңес Одағының  батырлары: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, генерал-майор И.В. Панфилов бастаған 316-атқыштар дивизиясының батырларына арналған мюзикл Ұлы Жеңіс тарихының ерлік пен елдік, отансүйгіштік пен махаббатқа толы отты жылдарын баяндады.

Ботагөз Қайпова, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары:
- Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап мерекелік шара өтті. Астана қаласы № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары ардагерлерге арнап «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» мюзиклын қойды. Мюзикл соғыстың ерекше бір сәттерін көрсетті. Мысалы, біз қатарлылар соғыс туралы аталарымыз бен әкелерімізден тікелей естіген болсақ. Ал қазіргі жастар көбінесе оқиғаларды тарихи деректерден оқып, кинолардан көруде. Бұл жеңістің баға бермес құнын осындай іс-шаралардың арқасында біз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Елбасымыз айтқандай біздің басты құндылығымыз тәуелсіздігімізбен қатар, бейбітшілік пен келісім. Ал сол бейбітшілік пен көк аспанның болашағы қазіргі жастардың қолында. Сондықтан да бүгінгі мюзиклда біз балалардың тек қана оқып шыққан тарихи оқиғаларын біледі деген көңіл-күйін білдіру емес. Бұл мына жас буынның соғыс ардагерлері мен тыл майдангерлеріне тағзым етіп, құрметін көрсету. Және соның нәтижесінде сіздің жеңісіңіз мықты қолда, аманат етілген бейбітшілікті одан әрі сақтап қаламыз деген ниетін білдіру, - деді.

2207 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper