Анонс


«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығына директор тағайындалды

Сейсенбі, 16 Қаңтар 2024 18:22
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығына директор тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына сәйкес Жандосов Айбек Кыстаубаевич «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жаңа басшыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Қапашев Айдын Боранбайұлы ұжымға таныстырды.

Жандосов Айбек Кыстаубаевич 1985 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Әр жылдары «Қазақстан Респуликасының Ұлттық кітапханасы» РММ-і директорының менеджмент жұмыстары жөніндегі орынбасары;

«Астана» Ұлттық сурет галереясы» РММ-і директорының галерея істері жөніндегі орынбасары;

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК-ы директоры;

Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары;

«Қазтелериадио» АҚ Алматы облыстық радио және телехабар тарату дирекциясының жедел-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;

«Қазтелерадио» АҚ қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

721 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper