Анонс


Ұлытау музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтті

Дүйсенбі, 13 Шілде 2015 13:41
Ұлытау музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтті KAZMUSEUM.KZ -  

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген «Ұлытау — ұлт ұясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияда «Бұланты шайқасының» мәніне көпшіліктің көңілін аударту, ата-бабаларды құрметтеу салтын қазіргі заман түрінде дәріптеу, насихаттау, конференцияға қатысушылардың ғылыми баяндамалары мен мақалаларынан «Ұлытау — қазақ мемлекеттігінің бастауы» атты альбом шығару, есеп беру түрінде бейнесюжет жасау міндеттері қойылды.

Қазақ хандығының — 550 жылдығы тақырыбына арналған конференцияға кәсіби тарихшылар мен музей мамандары және танымал қоғам қайраткерлері қатысып, форумда соңғы жылдарда жүргізілген ғылыми экспедициялар нәтижесінде табылған олжалар мен сол дәуір оқиғасының маңыздылығына баға берілді. Конференцияға ресейлік және қазақстандық ғалымдар қоғам қайраткерлері және өлкетанушылар да шақырылды. Конференция қонақтарына Теректі кешеніндегі жартастағы суреттер, қорымдар, қола дәуірінің қонысы тарихи орындарына, Жезді кентіндегі Тау-кен және балқыту ісі тарихы музейіне экскурсия ұйымдастырылды. 

 
2883 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper