Анонс


Жириновский Алматыдан өзіне арналған музей ашуды жөн санайды

Сәрсенбі, 08 Шілде 2015 12:10
Жириновский Алматыдан өзіне арналған музей ашуды жөн санайды KAZMUSEUM.KZ -  

Жуырда Қазақстаннан арнайы барған журналистке сұхбат берген ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Алматы қаласынан өзіне арнап музей ашуды ұсынды.

Осы уақытқа дейін Қазақстан туралы «Жириновский айтты» деген түрлі сөздерден басын арашалаған саясаткер журналистерді айыптап отыр. Оның айтуынша Қазақстан мен Қырғызстан туралы айтқан сөздерін журналистер "бұрмалаған". Жириновский өзін Қазақстан жайлы жақсы көзқараста екенін жеткізгісі келген.

«Ресейліктер Қазақстанды қатты құрметтейді. Оның ішінде мен де бармын. Қазақстан - менің кіші отаным. Алматыдағы Масанчи көшесін менің атыма берсе қарсылығым жоқ.  Мен оқыған №25 мектепке менің атымды берсе тіпті қатып кетер еді. Мен тұрған үйді музейге айналдырса… Болашақта дегенім ғой. Есесіне сіздерге туристер келеді. Бұл сіздерге пайда», - дейді В.Жириновский.

 

2350 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper