Мерекелі аптаның әр күнінің бағдарламасында интерактивтік, танымдық және ойын-сауықтық шаралар жеткілікті. Аптаның әрбір күні ұлттық киім киіп келген әрбір адам музейден бонус алады, яғни – тегін кіреді.
Мереке күндері сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін қонақтарды «Шай әлемі» күтеді. Онда дизайнерлік шайнектердің қайырымдылық көрме-сатылымын көруге болады, қыш шайнектерге өрнек салудан өтетін шеберлік сабағына қатысып, шайдан дәм тата алады.
Күн сайын музейдің мәжіліс залында халықтық-қолданбалы өнер мен киім тарихы жөнінде дәріс оқылады, ал залдарда бірқатар тақырыптық және интерактивтік көрмелер өтеді.
Назарларыңызға музейде өтетін іс-шаралардың бағдарламасын ұсынамыз:
22 наурыз «Көктемгі күн мен түннің теңелген күні». Сағат 16.00 – моңғол дәуіріне дейінгі көйлектер қатарын жасаған Chaude.kz Хафиз Хан маркалы креативті дизайнердің думанды көрмесінің ашылу салтанаты болады. Орталық Азия тарихының фьюжн-коллекциясы Қазақстанда бірінші рет көрсетілмекші.
23 наурыз «Киіз басу күні». Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін музейдің барлық қонағы ұжымдық киіз басуға қатысады. Біздің халық шеберлеріміздің әрқайсысы фрагмент бойынша кейіннен музей экспозициясын әрлейтін дәстүрлі текемет басады.
24 наурыз «Дала саздары күні». Сағат 16.00-де – Раушан Базарғалиеваның жеке көрмесінің ашылуы. Көрмеде түрлі сәндік-қолданбалы өнер техникасында орындалған авторлық туындылары – гобелен, киіз панно, батик, ши көрсетіледі.
25 наурыз «Кинематография күні». Сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін – музейдің мәжіліс залында кинематография жауһарлары – авторлық видео-арт, өнер жайлы қысқа метражды фильмдер, тіпті арт-хаус стиліндегі кинолардың шеруі өтеді.
26 наурыз «Квест күні». Сағат 17.00 – естен кетпес квест болады. Ойынды бәрі де – бала да, ересек те жақсы көреді. Онда неге музейге келуімізді нағыз ойынға айналдырып жібермеске?!
Квест ойынға қатысу құны 1500 теңге. Билетті музейдің экскурсия орталығынан сатып алуға болады.
Сағат 19.00-де музейге келушілер үшін түрлі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы мен «Аққу» by Lumiere» бірегей сәулелі сауық-думанының премьерасы күтеді.