Анонс


«Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығы Жамбыл Жабаевты еске алды

Жұма, 26 Ақпан 2021 15:51
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығы Жамбыл Жабаевты еске алды KAZMUSEUM.KZ -  

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты «Айтыстың ақтаңгері, өлең жырдың дүлдүлі» атты кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен көне Тараз тарихы мен Жамбыл Жабаевтің өмірі мен шығармаларынан сыр шертетін көрме жасақталды. Көрме барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын Ежелгі Тараз қалашығының тарихы және археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлер жайлы баяндалды.

Сонымен қатар, әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау, әрі жауынгер жыршы, парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы, «Жамбыл - менің жәй атым, Халық - менің шын атым»-деп жыр жырлаған ақынның өмірі, елді ауызбірлікке, ынтымаққа, туған ел мен жерді қастерлеуге үндеген өміршең жырлары мен шығармалары, ақын құрметіне салынған ескерткіштің тарихы айтылды.

Кездесуге Жамбыл Жабаевтің шөбересі Мұратхан Жамбылов, Батырхан Жамбылов және неменесі Абдрахман Жамбылов, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

 

Жамал АҚПАН, музей қызметкері

1684 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper