Анонс


Қазақ хандарының қылыштары Ресей музейінен табылды

Сәрсенбі, 15 Шілде 2015 15:08
Қазақ хандарының қылыштары Ресей музейінен табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетіне басылған Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің директоры Ғайса МАХИМОВТЫҢ мақаласы елді елең еткізді.

Автор мақаласында Жәңгір­дің хан сарайындағы алғашқы ұйым­дас­тыр­­ған қару-жарақ палатасында бол­ған қарулар жайлы мәселе көтерді. Шынымен де, «Қару-жарақ палатасындағы хан әулетінің қадір тұтатын құнды заттары Жәңгір хан өлгеннен ке­йін қайда кетті? Кім қолданды? Қазірге дейін сақталды ма?» деген сұрақтарға шешім табылмауда. Бұл сауал тарихшыларды ойландырары сөз­­­сіз.

Тарихи тұрғыдан құнды жә­­ді­гер­лерді атақонысқа қайтару үшін Бөкей ордасы тарихи-музей кешені директоры іздестіру жұмыстарын қолға алды. Бастамалары нәтижелі бо­лып, орыс зерттеушілері Китта­ры мен Сабанщиковтың жазбала­рында көрсетілген Жәңгір ханның «Қа­ру-жарақ палатасында» болған Әбіл­хайыр әулетінен Бөкей және Жәң­гірдің хан тағына отыруына орай Ресей патшалары берген қы­лыштары табылды.

Бірде Ғайса Махимов Ресейден шығатын «Мир музея» журналындағы «В Соколиной баш­не Ханского дворца», Галина Останенко, Музей истории и культуры крымских татар «Ханский дворец» деген мақаланы кезіктіреді. Бұл мақалада көптен бері іздеген хан Жәңгірдің 1823 жылы таққа отырған кезінде Александр І патшаның сыйға тартқан қылышы туралы айтылған екен. Осы мәліметтерге сүйене отырып, ғаламтор арқылы «Бахчисарайский историко-культурный и археологический музей-заповед­ник» музейінің «В Бахчисарае открылась выставка средневековых оружий» деп аталатын қару-жарақ экспозициясы туралы түсірілген деректі фильмді тауып алады. Көрмеде көз тартарлықтай көне қарудың түр-түрі жетерлік екен. Ішінде мақалада жазылған Александр біріншінің Жәңгір сұлтанға хан дәрежесіне көтерілуіне байланысты сыйға тартқан қылышы да тұр. Экспозицияны таныстырып жүрген экскурсия жүргізушісі құн­ды жәдігерді Бөкей хандығынан қалған деп айтып өтті (суретте). Ішінде Жәңгірдің жинақтаған басқа да қарулары болар деген оймен ғаламтор арқылы музейге Жәңгір ханның қару-жарақ палатасының басқа да жәдігерлерін сұрасты­рып хат жолдайды. Көп күттірмей Хан сарайы директорының ғылым жөнін­дегі орынбасары Полканова Анна Юрьевнадан жауап келді. Онда: «На Ваше письмо о клинке, указанном в статье Г. Останенко «В Соколиной башне Ханского дворца» в журнале «Мир музея за ¹314 от 10 октября 2013 года сообщаем, что он действительно находится в фондах нашего музея» деп жазылған.

Ханнан қалған мұраның сақталғанына кө­­з жеткен соң, қалған жәдігерлерді сұрастырып тағы да хат жолдайды. Арада сегіз ай өткен соң мынадай қуа­нышты хабар келеді: «Уважаемый Гайса Темирбулатович, пишет Вам Зайцев Илья. В недавнем прош­лом я работал заместителем директора Бахчисарайского ис­то­рико-культурного заповедника. Мне пере­сла­ли Ваше письмо в Музей о казахских клинках. Дей­с­тви­тельно, в Музее есть два клинка ханов Бу­кея и Джангира. Я совсем не­дав­но делал доклад о них в Москве на конференции (с пе­реводом над­писей и обстоятельствами по­­па­да­ния сабель в Бахчисарай). Этот до­клад готовится сейчас к пуб­­ли­ка­ции в журнале в Москве. Я го­тов пе­реслать Вам мою статью. С уважением, Илья».

Бұл жаңалықты оқырманмен бөлісу мақсатында хаттарды то­лық­­тай жариялап отырмыз. Бөкей ор­да­сы тарихи-музей кешені құ­ра­­мын­да­ғы екі ғасырға жуық сақ­талған хан сарайының шығыс бө­лігі мен Елбасы Н.Назарбаевтың қабылдаған «Мәдени мұра» бағ­дарламасы арқылы қайтадан қал­пына келтірілген хан сарайының «орталық бөлігі» мен «батыс бө­лі­гі» болашақта ханның мемориал­дық музейі болып жасақталмақ.

Қа­зақ хан­­дығының 550 жылдығына орай белгіленген ша­ралардың бірі Хан ордасы ауылында өтеді деп күтілуде. Осы айтулы оқиға қарсаңында қос ханның қылышы өзінің тарихи орнына қайтарылса ғой...

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

Батыс Қазақстан облысынан

 арнайы kazmuseum.kz сайты үшін

 

 
3480 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper