Анонс


Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музейде жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді

Дүйсенбі, 04 Мамыр 2015 23:14
Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музейде жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін  ҚР Ұлттық музейінде белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлының «Ұмыт қалған батырлар» («Забытые герои») атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

 Кітапқа Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, алайда әртүрлі себептермен өздеріне лайықты  марапатты ала алмай қалған Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер туралы материалдар топтастырылған.

Жинаққа «Халық Батыры» акциясы аясында жоғары атаққа ұсынылған біздің 10 отандасымызға қатысты құжаттар мен нақты айғақтар енгізілген. Атап айтқанда, Балтабек Жетпісбаев, Жұмаш Рахметов, Ибраим Сүлейменов,  Қасым Ахметов, Төлеуғали Әбідбеков, Григорий Постольников , Сембай Қалиев, Әбен Ахметов, Аманша Меңдіғалиев, Исатай Сүйеубаев тәрізді батырларымыз туралы деректер топтастырылған. Бұлардың басым бөлігі қазақстандықтар үшін беймәлім.

Берік Әбдіғалиұлы, саясаткер, тарихшы:

- Шын мәнінде соғыста ерліктері еленбей қалған жауынгерлердің атын шығару парыз. Біздің мақсатымыз осы азаматтарды ұмытпай құрметтеп, келешек ұрпақ біліп жүруі үшін көше, мектеп т.б аттарын беруіміз керек.  Екінші дүние жүзілік соғыс тарихын зерттеушілер өте аз. Әлі де толық, түбегейлі  зерттеуді қажет етеді.

Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

-          Ұлы Отан соғысы тақырыбын біз әлі де тереңірек зерттеуіміз қажет. Келер ұрпақ есте сақтау үшін соғыс ардагерлерінің портреттерін музейлерге, мектептерге орналастыруымыз керек. Бейбіт заманның азаматтары өз батырларын танып білсін. Бұл ұсыныс акция түрінде ұйымдастырылғаны жөн.

Айта өтейік, кітапта Ресей Қорғаныс министрлігінің мұрағаттық материалдары мен құжаттары да берілдген. Бұл мәліметтер тұңғыш рет жарияланып отыр.

 

 

Алтын ЗАЙНУЛЛИНА,

ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері      

2933 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper