Анонс


Музей деректері негізінде І.Есенберлин туралы кітап жарық көрді

Сейсенбі, 13 Қаңтар 2015 21:16
Музей деректері негізінде І.Есенберлин туралы кітап жарық көрді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының Ғылыми кеңесінің ұсынысымен музей деректері негізінде  Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметіне арналған жаңа еңбек жарық көрді. 

Ұлы ғалымның 100 жылдығына арналған кітап жазушының туған жылынан бастап,өмірінің соңына дейінгі аралықты қамтып отыр.

Ғылыми танымдық тұрғыдан жазылған бұл шығармада Алматы мемлекеттік және Атбасар қаласындағы әдеби мұражайларда, ұлттық мұрағатта сақталған қолжазбалар мен басқа да деректер негізінде І.Есенберлиннің өмірлік көзқарастарының қалыптасуы, оған әсер еткен жағдайлар мен тарихи шығармалардың жазылу себептері қарастырылған. 

Автордың басты мақсаты қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірлік жолы арқылы патриотизм үлгісін көрсету болды. 

Кітаптың авторы — Амангелді Қашқымбаев тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары ал жалпы редакциясын тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ.Аяған басқарды. І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын қамтыған бұл еңбек «Ұлы Дала тұлғалары» сериясымен шығып отыр. 

Кітап: «Жастық шақ жылдары, өскен орта», «Творчестволық жолда», «Ілияс Есенберлин шығармаларындағы тарих және тарихи сабақтастық», «Болашаққа беттеген қайық», «Із қалған өшпес соңында» сынды көлемді бес тарауды қамтиды.  Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны негізінен оның інісі Раунақ Есенберлиннің естеліктері негізінде берілген. 

А. Қашқымбаевтың еңбегі тарихи-танымдық тұрғыда жазылған еңбек. Мемлекеттік мұрағаттар мен музейлерден, соның ішінде Алматы, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар қаласындағы І.Есенберлин атындағы музейлерден табылған құжаттарды жазушымен замандас болған белгілі қаламгерлер естеліктерімен салыстыра отыра, Есенберлиннің терең философиясын оның романдары мен поэмаларында кездесетін ұшқыр ойларымен жандандыру идеясының көрініс табуы да еңбекке пікір жазған ғалымдардың қолдауын тауып отыр.

6136 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper